Басты Жаңалықтар Қостанайда жер дауының салдарынан құны 15 млдр теңге тұратын жоба толық жүзеге аспай қалуы мүмкін

Қостанайда жер дауының салдарынан құны 15 млдр теңге тұратын жоба толық жүзеге аспай қалуы мүмкін

Қостанайда жер дауының салдарынан құны 15 млдр теңге тұратын жоба толық жүзеге аспай қалуы мүмкін. Облыс орталығынан ет комбинатын салуға барлығы 25 гектар жер берілген. Соның 14 гектарын қала әкімдігі келісім-шартты бұзып, кері қайтарып алмақшы.

Дәуренбек Әбдібек, тілші:

Инвесторлар қала сыртынан берілген телімнің 11 гекатарын игеріп, құны 7 млрд 200 млн теңге тұратын мына ет өңдеу кешенін салды. Қалған 14 гектар жерге малдың қаны, сүйек, ішек қарын тәрізді қалдықтарынан үй жануарларына арналған азық әзірлейтін зауыт салынуы тиіс еді. Алайда, әкімдік бастапқы келісімді бұзған соң құрлысты бастау мүмкін болмай қалған.
Инвестор өз иелігіне өткен жерде құрлысты бастамаса да оған дайындық жұмыстарына кіріскен. Сәулет-жоспарлау құжаттарын жасап, ресейлік компаниямен құрал-жабдықтар алуға, жеткізуге келісім-шартқа отырған.
Николай Бочанов, кәсіпорын директорының орынбасары:

Біз өзіміздің ғана емес, облыстағы басқа да кәсіпорындардың, мың шақырым радиустағы өзге аймақтардағы комбинаттардың да қалдықтарын өңдейміз. Бұл сойылған малдың бар мүшесін қоқысқа лақтырып ысыраптамай кәдеге жаратуға мүмкіндік береді. Осындай экономикалық, экологиялық маңызы зор жобаның жолында әкімшілік кедергі шығып тұрғаны қынжылтады.
Әкімдіктегілердің жер телімін қайтарып алуына бастапқыда жасалған келісім-шарттың шикілігі себеп болыпты. Алғашқы 11 гектар жер инвестициялық жобаға арналған телім ретінде аукционсыз берілген. Ал кейінгі келісім-шартта бұл жағы ескерілмеген.
Қуаныш Накитов, қалалық прокуратураның бөлім басшысы:
Ол телім кәсіпкерлерді қолдау картасына енбеген. Яғни, инвестициялық жобаға арналғаны көрсетілмепті. Солай бола тұра аукционсыз беріліп тұр. Бұл заңға қайшы.
Диана Бикетова, қала әкімдігі жер қатынастары бөлімінің маманы:

Екінші телімді де инвестициялық жобалар тізіміне енгізу үшін облыс әкімінің қаулысын өзгерту қажет. Менің ойымша бұл түйткілдің жалғыз шешімі осы.
Яғни жерді пайдалану мақсаты анықталған соң, оны инвесторға аукционсыз беруге мүмкіндік туады.

Дәуренбек Әбдібек

Бөлісу