Алматыда қоғам қауіпсіздігі үшін күресте қаза тапқан полиция қызметкерлерінің құрметіне мемориалды ескерткіш ашылды.
Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында ашылған ескерткіш тақтаға 32 тәртіп сақшысының аты-жөні жазылған. Шараға ерлікпен қаза болған азаматтардың ата-аналары мен жақын туыстары қатысты. Бейбіт заманда көз жұмған, қоғамдық қауіпсіздік үшін жандарын қиған батырларымыздың ерлігі еш ұмытылмайды дейді ардагерлер.
Талап Қабденұлы, ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері, генерал-майор:
Бүгін бір жай кезең емес, керемет күнде тұрмыз. Балапандарымызға мемориалды тақтаны қойдық. Тас қойғанмен бірдей деп ойлаймын. Екінші құлыптас ғой олар үшін. Естен кетпейді.