Ұшақ апатқа ұшыраған Қызылту елді мекенінде ескерткіш орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатқа ұшыраған Қызылту елді мекенінде ескерткіш орнатылды

02.02.2014
Ұшақ апатқа ұшыраған Қызылту елді мекенінде ескерткіш орнатылды

Былтыр Алматы әуежайына 5 шақырым жетпей, Қызылту елді мекеніне құлаған «Сhallenger CRJ 200» ұшағында 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған еді. Олар түгелдей қаза тапты.
 
 Апат себептері әлі күнге дейін толық анықталып біткен жоқ. Осы қаралы оқиғаның бір жылдығына орай, ұшақ апатқа ұшыраған мекенге мемориалды ескерткіш орнатылды. Қайтыс болған азаматтардың есімдері гранит тақтаға қашалып жазылды.
 
Гүлжан МАРҚАБАЙ

Хабарламаларға жазылу