Алматыда жыл басынан бері жол жүру ережесін бұзған 300-ден аса мотоцикл жүргізуші жазаланды.
Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды. Қалалық полицияның хабарлауынша, соңғы кезде байкерлердің үстінен тұрғындар жиі шағымдана бастаған. Әсіресе түн мезгілінде тыныштықты бұзу дерегі көп тіркеледі. Осыны ескерген тәртіп сақшылары 8-12 маусым аралағында мегаполисте арнайы рейд өткізіп жатыр.
Қуан Нұрақын