Алматыда ережені елемей жүйіткіген жүргізуші жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ережені елемей жүйіткіген жүргізуші жазаланды

27.10.2021

Алматыда ережені елемей жүйіткіген жүргізуші жазаланды. Ол көлік басқарған айналдырған бір минуттың ішінде 20 рет жол жүру ережесін бұзып, жалпы көлемі 327 мың теңге айыппұл арқалады. 

Видеодан қос көліктің бірінің артынан бірі қалмай жарысып келе жатқанын көруге болады. Жолақты ауыстыру кезінде де бұрылу белгілерін жақпай, басқаларға қолайсыздық туғызған. Полицейлердің мәліметінше, ақ тұлпардың иесі - 18 жастағы қала тұрғыны. Ал артқы көліктегі жиырмаға толмаған жүргізушінің әрекеті әлі де тексеріліп жатыр. Ол да тиісінше жазасын алмақ.


Хабарламаларға жазылу