«Sarap» эксперттік клубы: Қазақстанда саяси мәдениет қалыптасты
Қазақстанда саяси мәдениет қалыптасты. Мұны референдумның нәтижесіне қарап-ақ айтуға болады. Ел үшін маңызды саяси шара кезінде халық белсенділік танытып, Президент бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Мұндай пікір «Sarap» эксперттік клубының отырысында айтылды. 5 маусымда қазақстандықтар демократиялық өзгерістер үшін дауыс берді. Енді Конституциялық реформаларды іске асыру кезеңінде көптеген заңға өзгеріс енгізіледі. Осы заңдарды қарау кезінде де қоғамның белсенді болуы маңызды.
«Сонда ғана біз демократиялық, құқықтық, әділетті және әлеуметтік мемлекет құрамыз», - дейді жиынға қатысушылар.
Аян Сакошев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:
20-ға жуық заңға өзгеріс енгізу керек. Ол да үлкен жұмыс. Бұған тек мемлекеттік қызметкерлер емес, азаматтық қоғам институттары, саяси белсенді азаматтар араласу керек. Өйткені осындай талқылау барысында, жиындарда барлық азаматтың көзқарасы айтылуы керек, яғни сол жерде елімізге, жүйеге тиімді заңдар дүниеге келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда алғашқы заманауи өнер мұражайы ашылды
10.09.2025, 10:29

Солтүстік Аралды сақтап қалу жобасының екінші кезеңі басталмақ
10.09.2025, 10:28
Импортқа тәуелділікті азайту – стратегиялық міндет
10.09.2025, 10:26
Жолдау: Президент транзиттік тасымал көлемін арттыруды тапсырды
10.09.2025, 10:25
«AMANAT» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
10.09.2025, 10:23
Цифрлық штаб жолдауды орындау үшін бірқатар шешім қабылдады
10.09.2025, 10:21
Францияда жаңа премьер-министр тағайындалды
10.09.2025, 10:20
Израильдің соққысынан Дохада «Хамастың» 5 мүшесі мерт болды
10.09.2025, 10:18