Референдум: Өзгерісті әр қазақстандық сезінуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум: Өзгерісті әр қазақстандық сезінуі тиіс

08.06.2022

Референдумнан кейінгі өзгерісті әр қазақстандық сезінуі тиіс. Бүгін референдум қортындыларын талқылау жиынында сарапшылар осылай деді. Олардың пікірінше нәтижеге жету бірер күннің шаруасы емес. Заңдағы өзгертулер мен толықтыруларды іс жүзінде жүзеге асыруға біраз уақыт кетеді. Әрі бүкіл қоғам осы бастамаға жұмылуы тиіс, -деді сарапшылар. Халықтың таңдауы арқылы шешім шығару – референдумның ең үлкен жеңісі. Енді жаңа реформаның алдында - елді одан әрі демократияландыру, адал және ашық саяси бәсекелестік, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін кешенді күшейту міндеті тұр.

Динара Сәдуақасова, «Аmanat» партиясы жанындағы қоғамдық саяси институты директорының орынбасары:

Жаңа қазақстанды құру ол саяси процес. Біраз уақытты алады. Референдумда жалпы біздің қазақстандықтар Президент реформалдарының бағытын қолдады. Ары қарай атқарылатын жұмыста да сондай белсенділікті көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу