Павлодар облысында тағы да мектеп өртенді.
Бұл жолы Екібастұз қаласындағы №24-ші білім ошағынан от тұтанды. «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша жөндеу жүріп жатқан ғимаратта оқушылар да, ұстаздар да болмаған. Өрт айналасы 15 минут ішінде сөндірілді. Бірақ үш қабатты нысанның бірінші қабатындағы енді жөнделген кабинеттер мен құрылыс материалдары мүлдем жарамсыз болып қалды.
Оразбек Уалиханов ТЖД басқарма басшысының орынбасары:
Өрттің жалпы аумағы 40 шаршы метр құрады. Оның ішінде есіктер, пластикалық терезелері, заттар жанды. Өрттің алдын-ала себебі, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Павлодар қаласында екі бірдей мектеп ғимараты бірнен соң бірі өртенген. Алғашқысы қасақана жағылды деген болжам айтылғанымен күдікті әлі табылған жоқ. Айта кетерлігі, білім ошақтарының бәрін күрделі жөндеуге «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша бюджеттен қомақты қаржы бөлінген.