Қызылордада мектеп өртенді

12.11.2019

Қызылорда облысының Қазалы ауданында мектеп өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Жалын мектеп директорының кабинетінен тұтанған. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіріп үлгерді. №204 мектептен өрт кезінде 650 оқушы мен 70 мұғалім қауіпсіз аумаққа шығарылды. Бірінші қабатта орналасқан мектеп директорының кабинеті түгелдей отқа оранып, түгі қалмаған. Қазір мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр. Ертеңнен бастап, білім ошағында сабақ қайта жалғасады.

Ә.Серікұлы


Хабарламаларға жазылу