Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясы басып алған жерлерді қайтаруға уәде берді.
«Біз бүкіл территориямызды толық деоккупациялауға қол жеткізуіміз керек», - деді мемлекет лидері Британияның «Файниэншл таймс» газеті тілшісінің сұрағына жауап бере отырып. Оның сөзінше, Украина армиясы қазір Донбассты асқан батырлықпен қорғап жатыр. Тағы бір мәлімдемесінде Зеленский шығыстағы Северодонецк, Лисичанск, Попасная қалаларындағы жағдайдың қиын екенін атап өтті.
Айта кетсек, өткен тәулікте Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу айтқандай, Ресей әскері Луганск облысының 97 пайызын, Донецк аймағының жартысын басып алған. Сонымен қатар, ресейліктер оңтүстіктегі Херсон облысын түгелдей және Запарожье облысының айтарлықтай бөлігін басып алған.