Ресей әскері Украинадағы 30 елдімекенге снаряд жаудырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әскері Украинадағы 30 елдімекенге снаряд жаудырды

29.11.2022

Ресей армиясы Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысындағы 30 елді мекенге соңғы бір аптада 258 мәрте снаряд жаудырған. Мұны президент Владимир Зеленский мәлімдеді.

Сонымен қатар, кешкі үндеуінде Зеленский Мәскеудің «тәртібіне» елінің ешқашан көнбейтінін ескертіп, қираған әрбір нысанды, үйді және кәсіпорынды қалпына келтіруге уәде берді.

Ресей қарулы күштері Херсон аймағының Днепр өзенінің батыс жағалауындағы бөлігін осы айдың ортасына таман тастап кетті. Бірақ, таяуда сол әскер шығыс жағалаудан қайта шабуылға кірісіп, ондаған адамды мерт қылған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу