Конституция күнін Шығыс Қазақстан облысында кең көлемде тойланып жатыр. Ең негізгі мәдени шаралар аймақтың бас шаһары - Өскеменнің орталық алаңында ұйымдастырылған. Осыдан бірер сағат бұрын қала тұрғындары және қонақтар бұл жерде мерекелік шеруді тамашалады.
Мерекелік шеруге 8 мыңға жуық адам қатысты. Қаладағы этономәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары мен 60-тан астам әртүрлі мекеме және кәсіпорын ұжымдары қала көшелерімен сәл-салтанатпен жүріп өтіп, орталық алаңға жиналды.
Дәл бүгін Өскеменде Конституция күніне орайластырып халықаралық деңгейдегі 3 шара өтуде. Атап айтқанда, Маралшылардың 6-ші дүниежүзілік конгрессі, 5-ші Халықаралық бал фестивалі және Өскеменмен бауырлас қалалардың фестивалі. Осы шараларға қатысу үшін облысқа алыс және жақын шетелдерден көптеген мейман келген.
Берік КӨШЕРБАЕВ