«Ауыл» партиясы заңдарды талқылаудан шет қалмайды - Әли Бектаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» партиясы заңдарды талқылаудан шет қалмайды - Әли Бектаев

06.06.2022

Референдумда қабылданған түзетулер 30 шақты заңға өзерістер әкеледі. «Ауыл» партиясы қоғам үшін маңызды мәселелерге ұсыныстарды дайындап, барлық қоғамдық талқылауларға қатысатын болады. Бұл туралы бүгін «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев брифинг барысында айтты. Саяси партияларға қатысты заң жобасынан бастап, халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне дейін заңдарға партия тарапынан құрылған жұмысшы топтар тікелей атсалысады. Сонымен қатар сайлау мен партия туралы заңдарға да өз ұсыныс пікірлерін жолдайды.

Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының төрағасы:

Құрылған партиялардың тек қана мысалы үшін санының көлемі ғана ескерілуі керек біздің ойымызша. Сол партия мүшелерінің барлық өңірлерде, одан кейін аудандарда болуы ескеруі керек деген мәселені біз атқымыз келеді. Себебі, енді жалпы 20 мың адамды таңдап ала салып, болмаса әр өңірдегі 200-300 адамды жинап ала салып құруға болады. Бірақ оның әр ауданда өкілі бар болуы, ол халықпен қалай жұмыс істейді, ертең мәслихат сайлауларына қалай қатысады деген мәселелер ескерілуі керек.


Хабарламаларға жазылу