«Ауыл» мен «Патриоттар партиясы» бірігіп, бір саяси ұйым болатындықтарын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» мен «Патриоттар партиясы» бірігіп, бір саяси ұйым болатындықтарын мәлімдеді

06.09.2015
«Ауыл» мен «Патриоттар партиясы» бірігіп, бір саяси ұйым болатындықтарын мәлімдеді

Кеше еліміздегі іргелі екі партия – Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы мен «Қазақстан Патриоттары» партиясы бірігетіндіктерін мәлімдеді. Қос саяси күштің жетекшілері бұл қадамға бару себептерін түсіндірді.

Сөйтіп, тыңнан тұсауы кесіліп, жаңадан «Ауыл» халықтық патриоттық партиясы аталған саяси ұйымға Әли Бектаев төраға болып сайланды. Бірігу идеясының авторы – Патриоттар партиясы.

15-ші съезге жиылған саяси ұйымның делегаттары осындай ұйғарымға келді. Қос партияның басым бағыттары ұқсас, әрі екі партия да «Қазақстан-2050» демократиялық күштер жалпыұлттық каолициясына кіреді.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХПП төрағасы:

Бұл жағдайда біз Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы және «Қазақстан Патриоттары» партиясы еліміздің және азаматтардың мүдделерін ескере отырып, біртұтас ұйым – «Ауыл» халықтық-патриоттық партиясына бірігу туралы жауапты және тарихи шешімге келдік. Партиялардың бірлесуі біздің жұмысымызға жаңа серпін беріп, өз жақтастарымыздың мәселелелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Мейіржан ӘЛІБЕК

Хабарламаларға жазылу