Референдум-2022: Президент өкілеттігі қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум-2022: Президент өкілеттігі қысқарады

06.06.2022

Сонымен берге саясаттағы монополия жойылады. Бұл ашық әрі әділ бәсеке орнатуға мүмкіндік береді. Осылайша «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидаты басшылыққа алынады. Саяси үстемдікке шектеу қойылады. Ол үшін Ата заңның 43-ші бабына жаңадан 2 тармақ қосылады. Демек, Президент өкілеттігін атқару кезінде партияны басқаруға тіпті оған мүше болуға тыйым салынады. Президенттің жақын туыстары да басшылық қызметке тағайындалмайды. Президент өкілеттігі қысқарады. Алдымен, ықпалды Партия құрамынан шығады. Екіншіден, Президенттің жақын туыстары билікке араласа алмайды. Үшіншіден, облыстар мен республикалық маңызы бар үш қаланы қоспағанда, қалған қала, аудан және ауыл әкімдерін жұмыстан шығару құзыреті болмайды. Төртіншіден, Президенттің Сенаттағы квотасы үштен бірге азаяды. Есесіне өкілді биліктің яғни, Парламет пен Мәслихаттардың құрығы ұзарады.

Хабарламаларға жазылу