Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі

25.04.2022

Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі. Демек толық дерлік өзгерту күтіліп отыр. Бүгін конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы брифинг өткізді. Қандай негізгі өзгерістер бар?

Нысаналы Ығыл, тілші:

Өзгерістің өзектілігі мынада. Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді. Осылайша, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі нығаяды. Енді айтулы өзгерістер кезінде Ата Заңда Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі де айқындалады. Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы осындай қорытындыға келген. Сондай-ақ негізгі заңда жердің иесі де, киесі де – халық екендігіне мән беріліп отыр. Яғни, бұрын мемлекеттің меншігі саналса, енді 6 бап былайша редакцияланған «жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы.


Хабарламаларға жазылу