Варшава қаласында отандастарымыз дауыс беруде
Польша астанасы Варшава қаласында да отандастарымыз дауыс беруде. Жергілікті уақыт бойынша таңғы жетіде ашылған нөмері екі жүз жетпіс бірінші сайлау учаскесіне тек Польшадағы Қазақстан азаматтары ғана емес, Украинадан да жерлестеріміз келіп, өз таңдауын жасап жатыр.
Аида Әбіл, тілші:Польша мемлекетіндегі Варшава қаласында ашылған нөмері 271 сайлау учаскесінде, расымен, осы жақтағы қазақтар ғана емес, Украинадағы Қазақстан азаматтары да келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Екі мемлекеттегі Қазақстанның қос елшісі де жаңа ғана өз дауыстарын берді.
Әлім Қирабаев, Қазақстанның Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі:Біздің Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер бұл Қазақстандағы саяси институттар арасындағы қарым-қатынастардың балансын орнатады. Бұл біріншіден мәжілістің өкілеттігін көтеру. Мысалы Польшадағы тәжірибені алатын болсақ, мұнда ең бастысы Заң қабылдаушы орган болып, бұл төменгі палата Сейм болады. Бізде де еуропалық стандарттарға сай, жұмыс істейтін боламыз.
Дархан Кәлетаев, Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі:Өздеріңіз білесіздер, Украинадағы болып жатқан өзгерістерге байланысты біз Украинада сайлау учаскесін ашуға мүмкіншілік болмады. Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша біз сайлау учаскесін ашпадық. Елшіліктегі жұмыс жасап жатқан азаматтар, Украинада тұрып жатқан Қазақстан азаматтары сол жиырмаға шақты бүгін Польшаға, Варшава қаласына арнайы келдік.
Аида Әбіл, тілші:Қос елшімен қатар Польшадағы студент жастар және жұмысшы қауым және Украинадан арнайы келген Қазақстан азаматтары дәл қазір белсенді дауыс беріп жатыр. Қазіргі сағатта Варшадағы учаскеде өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихшы: ІІ д.с. кезінде немістер еліміздің батысын ұшақпен шабуылдаған
11.09.2025, 14:27

Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған
11.09.2025, 14:24
2026 жылдан бастап Ақтөбе әуежайында тасымал еселеп артады
11.09.2025, 14:21
Қызылорда облысында 41 мыңнан аса адам мемлекеттік жәрдемақы алады
11.09.2025, 14:18
Жасанды интеллект – бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі
11.09.2025, 14:15
Кубада миллиондаған халық тағы да жарықсыз отыр
11.09.2025, 14:12
Непалда коменданттық сағат мерзімі ұзартылды
11.09.2025, 14:09
Түркістан облысында жалған құжатпен миллиондап субсидия алғандар анықталды
11.09.2025, 14:06