Жалпыхалықтық референдумнан спортшылар да тыс қалмады
Жалпыхалықтық референдумнан спортшылар да тыс қалмады. Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев елордадағы №113 учаскеге келіп өз дауысын берді. Елдің саяси өміріндегі маңызды шараға үлес қосу қасиетті борышым дейді
Серік Сәпиев, Лондон олимпиадасының чемпионы:
Жарқын болашақ үшін дауыс бердім. Әлем елдерінде конституциясына өзгерістер енгізіліп тұрады. Біздің тәуелсіздігімізге 30 жыл болды. Сондықтан өзгеретін уақыт келді. Біздің конституциямызға өзгерістер керек деп ойлаймын.
Айтулы күнде өз таңдауын жасағандардың бірі – Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов. Ол негізі тұрғылықты жері бойынша Түркістандағы сайлау учаскесінде дауыс беруі керек болған. Алайда таяуда өтетін жарысқа жаттығу үшін Елордаға келген. Есептен шығу қағазын алып, Нұрсұлтандағы №58 учаскеде өз дауысын берді. Айта кетейік, боксшы 2024 жылы Парижде өтетін жазғы олимпиада дайындығына қызу кіріскен.
Сәкен Бибосынов, бокстан әлем чемпионы:
Негізі бүгін еліміз Қазақстан үшін тарихи маңызды және жауапты күн. Президентіміздің бастамасымен ата заңымызда өзгеретін, енгізілетін жаңа жобаларға бүкіл халық болып дауыс беретін күн. Дауыс беру ашық түрде өтіп жатыр. Мен дауысымды бердім.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05