Қазақстан телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен 16 сағат бойы өтетін ауқымды шара елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен 16 сағат бойы өтетін ауқымды шара елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр

05.06.2022

Дәл қазір онлайн телемарафоны басталды. Қазақстан телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен 16 сағат бойы өтетін ауқымды шара елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Иә жаңа ғана «онлайн» телемарафоны басталды. Өздеріңіз көргендей брифинг алаңында сыртқы істер министрлігіінің өкілдері өз пікірімен бөлісуде. Жалпы таңнан түнгі бірге дейін ұйымдастырылатын ауқымды шара аясында тек брифинг емес, ашық талқылаулар, қызықты дискуссиялар тіпті музыкалық нөмірлер мен арнайы флешмобта назарларыңызға ұсынылады.

Мәжіліс депуттары, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, білім, мәдениет спорт, журналистика саласының өкілдері мен белсенді жастар осы алаңда қонақ болады. Солардың бірі дәл қазір менің қасымда тұр

Төлеген Құнәділов, «Партиялық емес байқау орталығы» төрағасы:

Онлайн марафонды теледидардан ғана емес, отандық БАҚтың интернет ресурстары мен әлеуметтік желі парақшаларынан тікелей тамашалай аласыздар. Онлайн марафон соңында тікелей эфирде қазақстандықтардың дауыс беру қорытындысы бойынша EXIT-POLL-дың алдын ала нәтижелері де жарияланады. Құрметті көрермен марафонды көріп, қызықты ақпараттарға қанық болыңыздар.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу