5 маусымда Ұлттық арнаның ұйымдастыруымен «Референдум» онлайн марафоны өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 маусымда Ұлттық арнаның ұйымдастыруымен «Референдум» онлайн марафоны өтеді

03.06.2022

16 сағат бойы тікелей эфир. 5 маусым күні Ұлттық арнаның ұйымдастыруымен «Референдум» атты ең ауқымды онлайн марафон өтеді.

Қазақстанның медиа кеңістігіндегі тұңғыш саяси шара таңғы сағат 09:00-ден бастап түнгі 01:00-ге дейін жалғасады. Ол отандық БАҚ құралдарының интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшаларда тікелей эфирде көрсетіледі.

Онлайн марафонның негізгі мақсаты – референдум барысынан жедел ақпарат беру, қоғамның түрлі топтарына саяси пікірталас алаңын ұсыну, дауыс берудің алдын ала қорытындысын ашық талқылау. Марафон барысында әр саланың өкілдері және эксперттердің қатысуымен брифингтер, дауыс беру барысы туралы еліміздің барлық өңірінен тікелей қосылымдар, дискуссия алаңдары ұйымдастырылады.  

Хабарламаларға жазылу