Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ғылымның ғажайып әлемі» шарасының ашылуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ғылымның ғажайып әлемі» шарасының ашылуы өтті

24.03.2015
Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ғылымның ғажайып әлемі» шарасының ашылуы өтті

«Ғылымның ғажайып әлемі» деп аталатын шараға 160-тан астам оқу озаты қатысып, ғылым әлемінен сусындады.

Игі шара бастауын кәрі құрлық Еуропадан алады. Ньютон мен Фарадей тұсында жас ғалымдар осылай жылына бір мәрте жиналып ой бөліскен, пікір алмасқан, жаңалығын айтып жарысқан.

«Наурыз кездесулері» биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Үш күн бойы өтетін шара аясында қызықты дәрістерден бөлек, «ғылыми эрмитаж» көрмесі өтеді. 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ 

Хабарламаларға жазылу