Түнгі сағат 12-ден кейін референдум алдындағы «тыныштық» күні басталады. Ертең және референдум күні үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады. Сауалнама жүргізуге немесе референдум нәтижелерінің болжамдарын жариялауға болмайды. Талапты бұзғандар заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Референдум күні 2 немесе одан да көп рет дауыс бергендер, басқа біреу үшін бюллетень алып таңдау жасағандар да заң алдында жауап береді. Учаскелік референдум комиссиясының мүшесі азаматтарға өзге адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасаса оларды әкімшілік жаза күтіп тұр. Орталық референдум комиссиясының төрағасы науқан күні азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасау аса маңызды деді.
Нұрлан Әбдіров, Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
«5-маусым дауыс беруді ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету өте маңызды. Сіздерге жауапты миссия референдум өткізу жүктелген. Сондықтан жалпыхалықтық дауыс беруді өткізу рәсімдерін ашықтығы, сонымен қатар айқындығын барынша қамтамасыз ету керек».
11 мыңнан астам қазақстандық шет елдерде дауыс береді
Референдумда 11 300-ден астам қазақстандық шет мемлекеттерде дауыс береді. Науқан күні 52 елде 65 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді. Олардың 325 мүшесі қашықтан оқытылған. Арнаулы тестілеуден өткен. Сыртқы істер министрілгі өкілдерінің айтуынша, егер Украинада қалып қойған Қазақстан азаматтары бар болса немесе сол жаққа саяхаттап барған отандастарымыз Варшава қаласына келіп, дауыс береді. Ертерек барып та таңдау жасауға болады. Дегенмен, Украинадағы барлық Қазақстан азаматтарын елге жеткізіп алдық деді ведомство өкілі.
Дарын Сағитов