Еліміздің бас прокуратурасы да референдум алдындағы тыныштық күніне байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бас прокуратурасы да референдум алдындағы тыныштық күніне байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады

03.06.2022

Еліміздің бас прокуратурасы да референдум алдындағы тыныштық күніне байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады. Үгіт насихаттың аяқталуымен қатар қоғамдық пікірдің нәтижелері мен болжамдарды жариялауға, референдумнан бір күн бұрын және сол күні тыйым салынады. Үгіт жүргізілген жағдайда жауапкершілік қаралған. Азаматтар бірнеше рет немесе басқа біреу үшін дауыс берсе және комиссия мүшелері соған ықпал етсе заңмен жазаланады. Прокуратура референдумға дайындық пен оны өткізудің заңдылығын қадағалайды. Сондай-ақ, азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен ақпарат құралдарын қолданыстағы заңды қатаң сақтауға шақырады делінген хабарламада.  

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу