Әлем халқы Конституция күнін атап өте ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем халқы Конституция күнін атап өте ме?

29.08.2014
Әлем халқы Конституция күнін атап өте ме?

Әлемде алғаш заң қабылдаған ел – Сан-Марино. Бұл елдің ата заңы қағазға түскен әлемдегі  көне конституциялардың қатарында. Ол екі нормативтік актіге бөлінеді. Біріншісі 6 кітаптан тұратын Сан-Марино Республикасының заңдық ережесі және 16 баптан тұратын мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері мен азаматтық құқығының деклорациясы.

Конституция күнін мемлекеттік мейрам ретінде атап өтетін елдердің бірі – Америка Құрама Штаттары. АҚШ ата заңын 1789 жылы қабылдап, 1791 жылы алғашқы түзетуін енгізген. Ата заң бойынша президент ешкіммен өзі барып кездеспейді және кездесу кезінде қол беріп амандаспайды.  

Ал Венгрия елінің конституциясында ұлттық құндылықтарды бұрмалаған журналистер қатаң жазаланады екен. Елдің алғашқы конституциясы 1949 жылы 20 тамызда қабылданды. Алайда, қазіргі заманға сай көптеген тармағы өзгертілуі керек болды. Сондықтан, 2012 жылы жаңа заң өмірге келді. Әзірге бұл ел конституция күнін атап өтпейді. Себебі, заң әлі де біраз толықтыруды қажет етеді.

Үндістан 1947 жылы Британ империясына бағынудан бас тартып, 1949 жылдың қарашасында тәуелсіздігін жариялады. Екі айдан кейін ел конституциясы қабылданды. Үндістан – әлемдегі ең көп тілді мемлекет. Сондықтан, заң бойынша, 15 тіл мемлекеттік тіл ретінде тіркелген. Ал ресми түрде 1652 тіл қолданыста.

Ал Әзірбайжан Республикасының конституциясы 1995 жылы қабылданған. Бұл елдің конституциясы ҚР Конституциясымен ұқсас жақтары көп. Мысалы, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, тең құқылы өмір сүруге, халықтың  тату-тәтті бейбіт өмір сүруіне бағытталған баптар бар.

Қазіргі таңда Қытай Халық Республикасының заңына бүкіл әлем халқы тәнті. Заңы – қатал, халқы – еңбекқор. «Ең алдымен, өзіңді мықты ұста, сен мықты болсаң, ел сенің маңайыңа өзі-ақ жиналады», деген Конфуцийдің даналық сөзін негізгі қағида санайды. Есірткіге қарсы заңнаманы күшейткен. Онымен айналысқан қылмыскердің мүлкі тәркіленеді, өмір бойы қамауға алынады немесе өлім жазасына кесіледі.

Толығырақ, «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу