Конституция күнін Түркістан облысының жұртшылығы салтанатпен атап өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституция күнін Түркістан облысының жұртшылығы салтанатпен атап өтуде

30.08.2018

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін бүкіл ел болып тойлап жатыр. Мемлекеттік мерекені Түркістан облысының жұртшылығы да салтанатпен атап өтті. Киелі шаһардың қазақ елі үшін қашанда орны бөлек. Бұл өңірде қазақтың дала заңы – Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» жазылған. Ал, бүгінгі Тәуелсіз Қазақ елінің Ата заңы - елдегі тұрақтылық пен бейбіт өмірдің, мемлекет дамуының кепілі.

«Айтулы мерекені Түркістан жерінде облыстық деңгейде тұңғыш рет атап өтуіміз еліміз үшін тарихи оқиға», - деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев. Мерекеде аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. Сондай-ақ, жаңа оқу жылы қарсаңында шалғайдағы ауыл мектептеріне автобустар сыйға тартылды. 

Ғани ҚАЛМАХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу