Балаларды қорғау күніне орай елімізде тұңғыш рет шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жас спортшылармен «достық матчын» өткізді.
Мерекелік іс-шараға Қазақстанның әр аймағынан 12-13 жастағы футболшылар іріктеліп әкелінді. Жас спортшылар Әлем чемпионатының 4-орын иегерлерімен доп тепті. 15 минуттан тұратын екі тайм 8:8 есебімен тең аяқталды. Ойынға ұлттық құрама сапындағы Игита, Тұрсағұлов, Оразов сияқты әлемге танымал футболшылар қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, балалар арасында бұқаралық спортты дамыту. Матч FIFA қағидаларына сай өтті. Ойынға қатысқан командалар арнайы кубок, медальдар және дипломдармен марапатталып, жас спортшыларға бағалы сыйлықтар берілді.
Қайнар Сүйінбаев, футболшы:
Осы матч маған қатты ұнады. Себебі барлық Қазақстанның ойыншысы келді. Атақты ойыншылармен суретке түстім. Медальдар, сыйлықтар берді. Қатты ұнады.
Біржан Оразов, футзалдан Еуропа чемпионатының үздік шабуылшысы:
Балаларға біздің есігіміз ашық. Себебі олар біздің болашағымыз. Болашағымызды дамытпасақ, спортқа ешқандай пайда болмайды деп ойлаймын.