Референдум жайлы қазақстандықтар пікірі
Елдегі саяси реформалар негізінде Конституциямызға енгізілетін жаңа өзгерістер уақыт талабымен пісіп-жетілген, халық көкейінде жүрген сан сауалдардың нақты жауабы. Өңір тұрғындарының пікірі осыған саяды.
Қазақстанның өзгергенін, жаңа Қазақстан болғанын, жаңаша бағытта жүргенімізді, әрі қарай дамығанын қалаймын. Сол себепті 5 маусым күні референдумға шақрамын, өзім де барамын. Өйткені болашағымыз көркеюі керек.
Президент енді ешқашан саяси партия мүшесі болмайды. Одан кейін оның туыстары ешқандай лауазымға тағайындалмайды. Одан кейін біздің жеріміз ешқашан, ешқандай шетелге сатылмайды. Өзіміз жерге ие боламыз деген жақтары өте ұнайды. Референдумға мен міндетті түрде барамын , себебі ол менің құқым
Әкімдерді сайлайды деп жатыр ғой. Облыс әкімдері екі үміткер болады да, сосын екеуінің біреуін таңдайды. Соның өзі бір кішкене демократия деп санаймын. Әйтеуір бұрын біреуді әкеледі де, оны областной маслихат қол көтере салады, иә. Ал енді екеуінің әйтеуір таңдау болады.
Қазақстанның кез-келген азаматы партияға мүше болмай-ақ өзін парламент, мәслихат депутатына ұсына алады. Маған ұнағаны сол депутат халықтың қамын ойлайтын адам ғой. Ондай адам қара халықтың ішінен шығуы керек. Жаңа Қазақстанды құруға апаратын жол референдум деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталады
12.09.2025, 10:53

Ақмолалық инспекторлар «Игі істер» акциясы аясында зейнеткерлерге көмектесті
12.09.2025, 10:23
Жетісу облысында жедел жәрдем көліктері табысталды
12.09.2025, 10:21
Мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады
12.09.2025, 10:20
Абай облысында денсаулық сақтау жобаларына 5,6 миллиард теңге бөлінді
12.09.2025, 10:19
Бір палаталы Парламент құру үшін референдум өткізуді ұсыну – демократияның айқын көрінісі
12.09.2025, 10:15
Албания әлемде алғаш болып министр лауазымына ЖИ-ді тағайындады
12.09.2025, 10:14
Өзбекстанда кибершабуылдарға қарсы күрес күшейді
12.09.2025, 10:13