Әлеуметтік сауалнама: Референдум өткізуді қазақстандықтардың 84% қолдайды
Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын қазақстандықтардың 84%-ы қолдайды. Бұл мамыр айының ортасында Орталық коммуникация қызметі жүргізген алдыңғы зерттеу көрсеткіштерінен 12%-ға артық. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 86 проценті дауыс беру ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетінін біледі. Халықтың хабардар болу деңгейі 8%-ға артқан. Қазақстандықтардың 76 пайызы дауыс беруге ниетті.
Сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 79 проценті ұсынылған конституциялық түзетулер пакетін қолдайды. Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдау деңгейі одан да жоғары. 80 пайыздан астамы Президент реформаларын жақтайды. Сауалнама еліміздің 17 өңірін қамти отырып, 18 жастағы және одан асқан 1200 қазақстандықтың арасында жүргізілді.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03