Алматыда «Тәуелсіз бақылаушылар» қоғамдық бірлестігі жиын өткізді
Референдум – ел болашағын айқындайтын маңызды саяси науқан. Сондықтан ол әділ түрде өтуі керек.
Алматыда «Тәуелсіз бақылаушылар» қоғамдық бірлестігі жиын өткізіп, референдум кезінде жүргізілетін бақылау жұмысының жоспарын пысықтады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, Ата заңға енгізілетін өзгерістерден халықтың кейбірі бейхабар. Сондықтан 5 маусымға дейін үгіт-насихат жұмысын күшейту қажет. Ұйымның құрамында бүгінде 70-тен аса белсенді бар. Бірақ мегаполисте 574 сайлау учаскесі болғандықтан, олар қарапайым тұрғындардан көмек сұрайды. Қоғамдық бірлестік мүшелері азаматтарды тегін оқытып, заң жүйесін жан-жақты үйретуге әзір.
Арайлым Назарова, «Тәуелсіз бақылаушылар» ҚБ кеңес мүшесі:Сайлау участкелері сағат 06:00-де ашылады. Біз сол уақыттан бастап келеміз. Дауыс беру 20:00-де аяқталады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін дауыстар саналады. Сол дауыстарды санап біткенге дейін, толық процеске қатысамыз.
Нұрсұлтан Тілектесов
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Әлем чемпионаты: Бүгін 6 боксшымыз шығады
12.09.2025, 14:33

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына серпін қажет
12.09.2025, 14:24
ШҚО-да дәрігерлер ЖИ қолдана бастады
12.09.2025, 14:21
Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізілді
12.09.2025, 14:18
Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 14:15
Ауғанстандағы зілзаладан соң мыңдаған адам далада қалды
12.09.2025, 14:12
Бразилияның экс-президенті 27 жылға сотталды
12.09.2025, 14:09
Ресейде ХІ Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтті
12.09.2025, 14:06