Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздер - ел мақтанышы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздер - ел мақтанышы

27.05.2022

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздер - ел мақтанышы. Әр азамат үшін Әнұран, Ту, Елтаңба – ұлттың асқақ рухын паш ететін қастерлі ұғым. Әсіресе, әлемдік додаларда желбіреген көк байрақтың орны ерек. 

Бұл кадрлар 8611 метр биіктікте, Эвересттегі «Чогори» шыңында түсірілген. Мақсұт Жұмаев - әлемдегі ең биік 14 нүктені бағындырған спортшы. Әр экспедицияға шыққан сайын көк байрағымызды өзімен бірге алып жүреді.

Тау шыңында ауа жетпей, тыныс алу қиындаса да, қазақтың әнұранын шырқамай төменге түскен кездерім болмады,- дейді альпинист.

Ақсұт Жұмаев, альпинист:

Негізі, альпинистер шыңға жеткенде, эмоциясын білдіретін жандар емес. Бірақ планетадағы ең биік нүктеге көк туды шығарғанда, одан жоғары тек ғарыш екенін түсінгенде, кеудені мақтаныш сезімі кернейді. Көзге еріксіз жас аласың.

Бейжіңдегі Ақ Олимпиадада еліміздің туын ұстап шыққан Абзал Әжғалиев жеңіс тұғырынан көрінбесе де, үздік төрттіктің қатарына кірді. Шорт-тректен талай спорттық додада жеңіске жеткен Абзал үшін рәмізді алып үшін биік мәртебе ғана емес, үлкен жауапкершілік.

Абзал Әжғалиев, Шорт-тректен Бейжің олимпиадасының қатысушысы:

Мен екі олимпиада да өзіміздің көк туымызды алып шықтым. Әлем трансляцияларында елімздің көк туын көрді. Туымызды көріп, бүкіл әлем Қазақстанның қайда орналасқанын білсін деген мақсат болды. Алдағы уақытта ел намысын қорғап, көк туды желбіретуге мақсат қоямын.

Рәміздер егемендік пен біртұтастымызды бейнелейді. Сондықтан азаматтардың мемлекеттік нышандарға деген құрметі артып, оларды бойтұмардай қастерлеуі қажет.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу