1 маусымда «Balapan» телеарнасы ашық аспан астында республикалық фестиваль өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 маусымда «Balapan» телеарнасы ашық аспан астында республикалық фестиваль өткізеді

26.05.2022
1 маусымда «Balapan» телеарнасы ашық аспан астында республикалық фестиваль өткізеді

1 маусымда «Balapan» телеарнасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, Балалар жылы аясында республикалық фестиваль ұйымдастырады. Шара ашық аспан астында Есіл жағалауындағы амфитеатрда өтеді.

Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен 800-ден астам жас өнерпаз бен эстрада жұлдыздары қатысады. Салтанатты шара «Balapan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Фестиваль барысында басқа да аймақтарда ұйымдастырылатын балаларға арналған іс-шаралардан тікелей байланыс орнатылады.

Концерттік бағдарламадан бөлек алаңда түрлі шара, байқау, фотозона, көрме және спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

Концерттің эфирлік нұсқасы «Balapan» телеарнасынан көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу