«Open air». Ашық аспан астындағы шоу-концертті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Open air». Ашық аспан астындағы шоу-концертті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

23.05.2016
«Open air». Ашық аспан астындағы шоу-концертті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

1 маусым күні, сағат 20:00-де елордадағы «Алау» мұз айдыны алаңында қазақстандық және ресейлік сахна жұлдыздарының қатысуымен шоу-концерт өтеді.

Еліміздің және әлемнің танымал әншілері елордалықтар мен қала қонақтарына арнап, ашық аспан астында ән шырқамақ.

Оған Нұрлан Абдуллин, Мәдина Сәдуақасова, Айқын Төлепберген, Қайрат Нұртас, Жанар Дұғалова, Бүркіт, Төреғали Төреәлі, Алмас Кішкенбаев, Әли Оқапов, Дильназ Ахмадиева,  «Жігіттер» квартеті, «КешYou», «Ринго», «Дабыл»  топтары және тағы да басқа бірқатар отандық әншілер қатысады.

Сондай-ақ, кеш қонақтары ретінде Сати Казанова, Катя Лель, Таня Терешина, Джиган, «Время и Стекло», «Блестящие», «Глюкоза» топтары, Максим, Потап және Настя, Анастасия Волочкова, Анна Седокова  сынды бірқатар ресейлік әншілер өнер көрсетеді.

«Болашақ энергиясы» атауымен ашық аспан астында өтетін шоу-концертті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жаздың алғашқы күнін жұлдыздармен қарсы ал! 

Хабарламаларға жазылу