«Balapan» арнасының келер жылға жоспары айқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Balapan» арнасының келер жылға жоспары айқындалды

26.12.2022

«Balapan» телеарнасы келер жылы кішкентай көрермендеріне қандай қызықты дүниелерді ұсынады? 2023 жылға арналған жобалар бойынша аутсорсинг компания өкілдерімен ашық отырыста осы мәселе талқыланды.

Байқауға 20-дан астам компаниядан 72 жоба келіп түсті. Олардың арасында оқу-танымдық, ойын-сауықтық анимациялық сериалдар, бағдарламалар, шытырман оқиғалы, қиял-ғажайып және комедия жанрына құрылған хикаялар бар.

Айта кетейік, «Balapan» телеарнасы биыл 174 сериядан тұратын 17 анимациялық жоба, 31 сериядан тұратын 2 телехикая, балаларға арналған 17 бағдарлама түсіріп көрерменге ұсынды. 


Хабарламаларға жазылу