Алматыда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 4 адам сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 4 адам сотталды

25.05.2022

Алматыда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан төрт адам сотталды. Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай қылмыс төтенше жағдай кезінде жасалғандықтан бекітілген жаза да ауыр болады. Ресми мәліметтерге сәйкес олар қарақшылық шабуылға араласқан. Айта кету керек Алматы сотында барлығы 287 тұлғаға қатысты 188 іс қаралды. Оның ішінде 24 айыпталушы бас бостандығынан айырылса, қалғандарына бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Кейбір іс тараптардың татуласуына байланысты жабылса, кейбірі прокурорларға қайтарылды.

Әділет Бақтыбай, Әуезов аудандық соты кеңсесінің бас маманы:

Қаңтар оқиғасы кезінде тұрғын үйге заңсыз еніп, қарақшылық жасаған 4 адамға қатысты ҚК 24 бабы 3 бөлігі және 191 бабтың 3 бөлігі бойынша айып тағылып, соттың үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу