Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы табылды

04.01.2023

Алматы облысында екінші қаңтар күні жоғалып кеткен отбасы аман-есен табылды. Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, олар Асы қыратына қарай шығып, содан үйіне қайта оралмаған. Құтқарушылар оларды іздестіру кезінде Бартоғай су қоймасына жақын жерден қар құрсауында қалып қойған 40 шақты көлікті тапқан.

Бірнеше темір тұлпардың жанармайы таусылған. Ауа райының қолайсыздығынан жоғалған жеті адамнан тұратын отбасы да сол жерден табылды. Барлығы дін аман. Қазір тауда қалып қойғандарды құтару жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын-ала болжам бойынша зардап шеккендер жоқ. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу