Алматыда референдумға 1 миллионнан астам адамның қатысу құқығы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда референдумға 1 миллионнан астам адамның қатысу құқығы бар

23.05.2022

Алматыда алдағы референдумға 1 миллионнан астам адамның қатысу құқығы бар. Сондай-ақ, саяси науқанға комиссия мүшелері ретінде 5 мың адам тартылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Бүгінде Алматыда 1 қалалық, 8 аудандық және 574 учаскелік референдум комиссиясы қызметіне кіріскен. Комиссия өкілдері референдум кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға толық жағдай жасалатынын жеткізді.

Надежда Яковлева, Алматы қалалық Референдум комиссиясының мүшесі:

Алматыда референдумға қатысуға құқығы бар 43 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Сайлау күні олардың 9 жарым мыңына арнайы жағдай жасалмақ. Мәселен, учаскелердің түгелге дерлігі бірінші қабатта орналасқан. Сондай-ақ, арбаға таңылғандарға такси ұйымдастырылып, көзі көрмейтіндерге тактильді тақталар беріледі. Сурдо аудармашылар жұмыс істейді.


Хабарламаларға жазылу