Алматыда 574 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 574 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды

05.06.2022

Алматыда да 574 референдум учаскесінде дауыс беру тоқтатылып, саяси шара аяқталды. Қазір сайлау учаскелері жабылып, бюллетеньдерді санау басталды. Мегаполис бойынша референдумға қатысуға құқығы бар 1 млн бір жүз мыңнан аса адам тіркелген. Қалалық референдум комиссиясының мәліметінше, алдымен үйге тасымалданған жәшіктер ашылады. Одан кейін үлкен жәшіктер ашылып, бюллетеньдердің саны анықталады. Егер тұрғындардың қайсысын таңдағаны түсініксіз болса, жарамсыз деп танылады.

 Қуан Нұрақын 

Хабарламаларға жазылу