«Құбылай хан» туралы телехикая көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Құбылай хан» туралы телехикая көрсетіледі

23.08.2014
«Құбылай хан» туралы телехикая көрсетіледі

Ұлттық арна  тамыздың 25-нен бастап көрермендеріне жаңа телехикая ұсынады.  «Құбылай хан» деп аталатын  тарихи телехикая  көршілес Қытай елінде түсірілген.  Бұл - Қытай  телехикаяларының ішіндегі ең қымбат түсірілім.

Жұмсалған қаржының көлемі 1,5 миллиард юань, яғни, 250 миллион АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, бұл телехикаяны түсіруде  5000-нан астам адамнан құралған түсірілім тобы жұмыс істеген. 

«Құбылай хан» сериалы Америка-Қытай кинофестивалінде  «Алтын періште» және «Ең үздік режиссерлік жұмыс»  деген номинациялары бойынша бас жүлдені иемденген.

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу