Армения астанасы Ереванда үкіметке қарсы шерулер кезінде метроның жұмысы уақытша тоқтап қалды. Деманстранттар вагондардың есігін жаптырмай, пойыздарды жүргізбей қойған. Осылайша, премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Сәрсенбі күні қарсылық акциялары кезінде Ереванда 350-ден аса адам тұтқындалды. Олар Пашинян үкіметін Әзербайжанға жер берді деп айыптап отыр. Алайда, 2020 жылғы соғыста басым бөлігі Бакудың қарамағына қайтарылған Таулы Қарабақ анклавы - халықаралық заң бойынша Әзербайжан жері саналады.
Арыстан Рысбек