Ереванда үкіметке қарсы шерушілер мен полицейлер қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ереванда үкіметке қарсы шерушілер мен полицейлер қақтығысты

31.05.2022

Армения астанасы Ереванда үкіметке қарсы шерушілер мен полицейлер қақтығысты. Демонстранттар тәртіп сақшыларының қорғанын бұзып өтіп, мемлекеттік мекемелерге басып кіруге әрекет жасаған. Сол сәтте бірнеше адам тұтқындалды.

Бұл республикада манифестациялар бірнеше аптадан бері өтіп жатыр. Көшеге шыққан жұрт премьер-министр Никол Пашинянды жер дауында Әзербайжанға территория берді деп айыптап отыр.

Айта кету керек Таулы Қарабақ анклавы халықаралық деңгейде Әзірбайжанның бір бөлігі ретінде танылған. Баку бұл аймақты 2020 жылы алты аптаға созылған соғыста Армения әскері Әзірбайжаннан жеңілгенен кейін өз бақылауына қайтарды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу