Қытай жүк қабылдауды уақытша тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай жүк қабылдауды уақытша тоқтатты

13.12.2023

Қолайсыз ауа райы жүк тасымалына да, әсер етіп жатыр. Қытай Қазақстаннан теміржол арқылы жүк қабылдауды уақытша тоқтатты. Мұны "Қазақстан темір жолы" хабарлады. "Достық" және "Алашаңқай" станцияларында жүк қабылдау баяулаған. Атап айтқанда, астық және ұнтақ өнімдері бар жабық вагондар, өсімдік майы тиелген цистерналар жолда тұрып қалған. "Алашаңқай" станциясында терминалдардың жұмысы тоқтады – делінген хабарламада. Қазір жүк және контейнерлік пойыздар/ терминалдың ашылуын күтіп жолда тұр.

Хабарламаларға жазылу