Ата заңға енгізілетін өзгерістердің бір бөлігі құқық қорғау инситуттарын күшейтуді көздейді. Алдағы референдумда халық жақтап дауыс берсе, елімізде Конституциялық сот құрылады. Бақылаушы органға кез келген азамат жүгіне алады. Өтініштер бойынша нормативтік құқықтық актілердің Ата заңға сәйкестігін қарайды. Шешім шығарады. Билік етеді. Және оның шешімі орындалуға міндетті. Қолданыстағы редакцияда мұндай мүмкіндіктер қарастырылмаған. Тағы бір жаңашылдық - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі. Қазіргі қолданыстағы бас құжатта мұндай институт жоқ. Бұл Ата заңға енгізілетін жаңа бап. Өзгерістер заң тәртібін күшейтіп, құқық қорғау қызметін ұдайы жетілдіру үшін қажет.
Дарын Сағитов