Стамбұлда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпонатында бес спортшымыз жартылай финалға өтті. Жеңіл салмақтағы Алуа Балқыбекова үндістандық қарсыласын ұпай көрсеткішімен жеңді. Одан кейін 52 келідегі Жайна Шекербекова, 54 келідегі Дина Жоламан және 57 келідегі Карина Ибрагимова жеңіс жолын жалғастырды. Сондай-ақ, орта салмақтағы Валентина Хальзова да қарсыласын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Әлем чемпионатының финалдық кездесулері 19- және 20- мамырда өтеді. 73 елден 300-ден аса спортшы жиналған доданы Қазспорт арнасынан көре аласыздар.
Саламат Омаш