Назым Қызайбай бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назым Қызайбай бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)

26.05.2016
Назым Қызайбай бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)

Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионатының жартылай финал ойындары өтіп жатыр.

Жартылай финалда қазақстандық боксшылардан бірінші болып 48 келідегі 2014 жылғы Әлем чемпионы Назым Қызайбай ҚХДР өкілі Янг Гум Уді 3:0 есебімен ұтып, финалға шықты. Финалдық бәсекеде Назым Қызайбай қытайлық Ван Юяньге қарсы жекпе-жек өткізеді.

Жартылай финалға Назымнан бөлек қазақстандықтардан Жайна Шекербекова (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Айжан Қожабекова (57 келі), Валентина Хальзова (69 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) шыққан.

Жартылай финалды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, бұл Әлем чемпионатында Рио Олимпиадасына 12 жолдама сарапқа салынады. Яғни, Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Олимпиадаға жолдама беріледі.

Айта кетейік, финалдық бәсекені 27 мамыр күні сағат 14:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу