Елімізде 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беріле бастады

16.05.2022

Елімізде 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беріле бастады. Таңертеңнен бері автосалондарға көлік таңдауға барғандар қатары көбейген. Тәртіп бойынша көлік алушы онда электронды кезекке тұрады. Кезегі келгенде ғана екінші деңгейлі банкке барып, несие алады. Бүгін екінші деңгейдегі банктер мен Қазақстан АвтоБизнес Қауымдастығы жеңілдікпен автонесие беру шарттарын түсіндірді. 

4 пайыздық автонесиеге өтініш беруге келген көпшілік көлік таңдау үшін автосалонның маңына жиналды. Ондағылдар келушілерге кезекпен қызмет көрсетуде. Жұртшылық кейбір автосалондарда таңдауға көлік аз десе кейбірі көліктің құны жыл басындағы бағадан біршама көтерілгенін байқаған.

Досхан Арғынбаев, қала тұрғыны:
Маған қандай көлік бар қолма-қол соны, 10 млн-ға дейін алғашқы жарнасыз алғым келеді. Жалғыз мен емес бүкіл халық соны алғысы келеді. Таңдау жоқ па? Таңдау болғанда амал жоқ бізде. Киаға барсаң бір ай күтесің, хюндайға барсаң екі ай күтесің, жак китайский өте қымбат. Амал жоқ алу керек. Мұндай шанс әрқашан бола бермейді.

Бүгін «Банк ЦентрКредит»-тің автосалондардағы бөлімдері түстен кейін тұрғындардың өтінішін қабылдай бастады. Ал, бағдарламаға қатысатын «Халық банк», «Форте банк» және «Еуразиялық банк» бір апта ішінде жұмысты бастайды. Алдағы уақытта қаржы институттарының саны тағы көбеюі мүмкін.

Анар Мақашева, Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті:
Екінші деңгейлі банктер тұтынушының несие тарихы мен төлем қабілетін тексергеннен кейін өтінімді мақұлдау не бас тарту туралы шешім шығарады. Ал шетел азаматтары бұл нәсиеден үміттене алмайды.

Автонесиеге өтінім берушілер автосалондарда кейбір маркадағы көліктердің жоғын айтады. Ал, Қазақстан автобизнесі қауымдастығының вице-президенті қазіргі кезеңде елдегі бүкіл автосалондарда 7 мың көлік бар деп мәлімдеді. Ал, Hyundai сынды маркадағы көліктердің өндірісі жыл ортасынан бастап көбейеді, дейді.

Анар Мақашева, Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті:
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" жеңілдетілген автонесиеге бөлген ақшаның жалпы сомасы – 100 млрд теңге. Сонда кем дегенде 10 мың адам осы шарт бойынша несие алады деген сөз. Егер Hyundai ай сайын 4 мың көлік жеткізе алатынын айтып отырса, алдын ала брондау жасаған тұтынушылардың бәрі алдағы 1-1,5 айда өз көліктерін алады деген сөз. Ең бастысы байбаламға бой алдырмау керек.

Ұзақ мерзімге арналған жеңілдетілген автонесие бағдарламасы кезекке көліктің VIN-коды арқылы тіркейді. Мұндай жеңілдік бір адамға екі жыл ішінде бір-ақ рет беріледі. Бұрынғы жеңілдетілген автонесие бағдарламасында бұндай талап болмаған. Енді автонесие тек салонда бар көліктерге ғана рәсімделеді.

Ринат Ғаппаров, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Әуелі адам автомобильді таңдап алуы керек. Егер ол таңдаған көлік түрі автосалонда жоқ болса, күту керек болады. Автомобиль келген кезде тұтынушы автосалонға шақыртылады. Сол жерден өзі таңдаған көлікке төлем шотын алады. Ол шотта көліктің VIN-коды болуы керек. Осы төлем шотын қолына алып, банктен пайыздық несие рәсімдейді. Бірінші кезекте деп басымдық берілетін белгілі бір санат болмайды. Бәрі кезек негізінде реттеледі.

Егер таңдаған көлік сатылымда болмаса, өндіруші қашан жеткізілетінін айтуы тиіс. Мұндай жағдайда таңдаған көлікті бронға қойып, алдын ала сатып алу келісімшарты рәсімделеді.

Ғалымжан Әди, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма басшысы:
Қазақстанда шығарылған автокөліктің бағасы 15 млн-нан аспау керек. Бұл бағдаламаға сәйкес бастапқы жарна көзделмеген. Дегенмен автокөліктің құны 10 млн-нан асатын болса онда тілек білдірген азамат жетіпейтін қаржына өз қаржысы есебінен келтіреді.

Сәбит Әлдебай, тілші:

Тағы да айта кететін маңызды жайт 4 пайыздық автонесие бойынша әр адам өз кезегін басқаға беруге рұқсат жоқ. Бағдарлама шарты бойынша, кезекте көрсетілген көліктің маркасы мен моделін өзгертуге болмайды. Тұтынушы VIN-коды бар төлем шотын алып қойған болса, басқа көлікке ауыстыра алмайды. Көлікті таңдаудан айнып қалса, басқа көлік алу үшін басынан бастап кезекке тұру керек болады.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу