Елордада жастар ақылы жұмысқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жастар ақылы жұмысқа тартылады

16.05.2022

Елорда әкімдігі 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды ақылы жұмысқа тартпақ. Олар бас қаланы көгалдандыруға үлес қосып, бір жағынан табыс табады. Айлығы 65 мың теңге. «Жасыл ел» жобасына бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасының балалары мен жұмыссыз жастар қабылданады. Жұмыс 5 күндік. Күніне 4 сағат. Маусым айы бойы жалғасады. Өтініш 16-20 мамыр аралығында қабылданбақ.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу