Жастар жұмысқа тартылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар жұмысқа тартылмақ

08.03.2018

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын іске асыру тетіктері халық арасында кеңінен талқыланып жатыр. Үлкен істерді атқарудың тиімді жолдары туралы ұсыныстар да көп. Мәселен, студенттерді толықтай жатақханамен қамтуға сол жастардың өздерін тартуға болады. Жазғы демалыс кезінде құрылысқа тәлімгерлер тартылса, мұның бірнеше тиімді тұстары бар. Алғашқысы жұмыспен қамту. Одан соң жастарды еңбекке баулу. Тұрақты жұмысқа орналаспағандар үшін қаржылай да көмек болады. Бұл ұсыныс қолдау тауып жатса, алдымен барлық аймақтарда студенттермен кездесулер ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

Абзал Нүкенов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары:

- Көптеген жерлерде, аймақтарда жастардың құрылыс отрядтары бар. Олардың бәрі жұмыс істеуге дайын. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлек бір мәселе. Бірақ, бұрыннан келе жатқан үрдіс, тәжірибе бар. Сондықтан да, жастарды кеңінен жұмысқа тартқаннан ешкім ұтылмайды. Керісінше, бәрі ұтады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу