G7 Киевке қару мен көмек беруді жалғастырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

G7 Киевке қару мен көмек беруді жалғастырмақ

14.05.2022

«Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлері Украинаға көмек пен қару беруді жалғастыруды қолдады. Бұндай уағдаластыққа олар Германияда өткен кездесуде қол жеткізді.
Бақуатты елдердің бас дипломаттарының мәлімдеуінше, олар Ресейді көрші мемлекетке басып кіргені үшін оқшаулауды, тіпті күшейте түспек. Ал Еуропа одағы келесі аптада Украинаға қару сатып алу үшін тағы 500 миллион еуро бөлетінін мәлімдеп, Ресей мұнайына эмбарго жариялайтынына сенім білдірді.

Хабарламаларға жазылу