Әскери қақтығыс: Украинаның шығысында шайқас жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери қақтығыс: Украинаның шығысында шайқас жүріп жатыр

22.04.2022

Украинаның шығысында әскери қақтығыс жалғасып жатыр. Мариупольдің көп бөлігі Ресей күштерінің бақылауында. Украина жағы қала толықтай ресейліктерге өтті деген ақпаратты жоққа шығарды. «Азовсталь» зауыты мен оған іргелес аудандар украиналықтардың бақылауында. Зауыт ішіндегі әскерилер жағдайдың қиын екенін, бункерлерде жараланғандар мен қаза тапқандар бар екенін, бұған қарамастан берілмейтінін мәлімдеді. Сонымен бірге, Рубежное және Попасная елді мекендері үшін қиянкескі шайқас әлі аяқталған жоқ.

Осындай шақта АҚШ бастаған Батыс елдері Киевке көмек беруді ұлғайтты. Құрама Штаттар тағы 800 млн долларға әскери көмек бөлмек. Оның аясында Украинаға ауыр артиллерия, оқ-дәрі, ондаған гаубица мен 144 мың снаряд, пилотсыз аппараттар жеткізіледі. Бұған дейін миллиардтаған еуро әскери көмек бөлуге уәде берген Германия да Украинаны қалпына келтіруге қосымша 37 млн еуро береді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу