БҰҰ әскери қылмыстарды тергеуді қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ әскери қылмыстарды тергеуді қолдады

13.05.2022

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Украинада Ресей армиясы жасауы мүмкін әскери қылмыстарды тергеу туралы резолюцияны қолдады. Құжатты 33 адам мақұлдаса, екеуі ғана оған қарсы дауыс берген. Құрамына 47 ел кіретін кеңестің дерегінше, Киев облысында мыңнан астам адамның мәйіті табылған. Олар Ресей қарулы күштері басып кірген елді мекендерде қырғынға ұшыраған. Алайда, мұның бәрін жоққа шығарған Ресей бұл кеңестен таяуда шығып кетіп, босап қалған орынды Чехия иеленген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу